Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

«Fashion Girls in Business» жобасының ашылуы онлайн режимде өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жүзеге асыратын .
Кездесуге Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма Төрайымы Лима Диас, АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің грант-менеджері Эмбер А. Аура, Нұр-Сұлтан қаласындағы Америкалық бұрыштың үйлестірушісі Салтанат Қуанышпаева, сондай-ақ, жобаның тренерлері мен дәріс алушылары қатысты.
«Мен баршаңызды «Fashion Girls in Business» жобасының ашылу салтанатында көргеніме қуаныштымын! Бұл жоба АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» өзара бірлескен алғашқы жобасы», – деп атап өтті АБҚО басқарма төрайымы Лима Диас.
«Біздің бұл жобаны наурыз айында жүзеге асыра бастағанымыздың маңызы зор. Себебі АҚШ-та наурыз айы әйелдер тарихының айы деп жарияланды. Қазіргі бизнес ортада әйелдің рөлі өте жоғары. Кәсіпкер әйелдер жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты азайтады әрі елдегі және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі. Сіздерді кәсіпкерлік пен жаңа білім алуға деген қызығушылықтарыңыз бізді қуантады. Тәжірибелі жаттықтырушылар мен спикерлердің бизнесті жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріп, сіздерді өздерінің жеке тәжірибесімен ынталандыратынына сенімдімін», – деп атап өткен АҚШ елшілігінің грант-менеджері Эмбер А. Аура жобаға қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.
Сондай-ақ,«Green TAL» ЖШС әлеуметтік корпорациясының негізін қалаушы Эмин Әскеров, Red Point Kazakhstan маркетингтік коммуникация сервисінің негізін қалаушы Әсел Қожақова, TSE Art Destination галереясының арт-директоры Бауыржан Сағиев жобаны іске асыру аясында өткізіп жатқан курстары туралы айтып берді.