Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Fashion Girls in Business»әлеуметтік жобасының жаттықтырушыларымен таныстыруды жалғастырамыз

Достар, сіздерді «Fashion Girls in Business»әлеуметтік жобасының жаттықтырушыларымен таныстыруды жалғастырамыз.
Жобаға шақырылған жаттықтырушы Бауыржан Сағиев «Сән тарихы, оның ішінде «Американдық сән» тақырыбында практикалық тапсырмалар мен семинар-тренингтер өткізеді.
Бауыржан Сағиев – «TSE Art Destination» галереясының арт-директоры. Әр жылдары дизайн және сән саласында Chanel және Koche (Париж қ.), Alexander McQueen (Лондон қ.) және т.б. танымал әлемдік брендтермен ынтымақтастық жасаған.
Қазіргі уақытта Бауыржан ҚазҰӨУ-де (Нұр-Сұлтан қ.) оқытушылық қызмет атқарады, түрлі жобалармен жұмыс істейді.
Білімі – Central Saint Martins College of Art and Design (ual) (Лондон қ.), Әйелдер киімі мамандығы бойынша өнер бакалавры және Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА (Алматы қ.), Киім дизайны мамандығы бойынша өнер бакалавры.
Естеріңізге сала кетейік, «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен серіктестікте жүзеге асыруда.