Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Биылғы жылдың 15 наурызына дейін «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына қатысуға өтініш бере аласыз.

Құрметті ҮЕҰ мен волонтерлік ұйымдар өкілдері!
Биылғы жылдың 15 наурызына дейін «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына қатысуға өтініш бере аласыз.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» – бұл еліміздің әр өңіріндегі түрлі жастағы және алуан ұлт өкілдерінен тұратын тәуелсіздік жылдары табысқа жеткен азаматтардың тарихы. Аталған жоба 2017 жылы Елбасы – Н. Назарбаевтың ұсынысымен басталған болатын және жыл сайын дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева аатап өткендей – биылғы байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр және тәуелсіздік жылдары ішінде өз еңбегімен тұлға ретінде қалыптасқан азаматтардың еңбегі халық тарапынан лайықты бағалануы қажет.
Жобаға ел ішіндегі азаматтармен қатар, шет елдердегі қазақстандықтар да қатыса алады. Өтініштер 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.
Құрметті ҮЕҰ және волонтерлік ұйымдар өкілдері!
Сіздер осы жобаның алаңы арқылы өзіңіз және өз ұйымыңыз туралы, волонтерлік қозғалысыңыз жайлы ақпарат беріп, сәтті іске асқан жобаларыңызды бүкіл елмен бөлісе аласыз.
Жобаға қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы толыққанды ақпарат беруге міндетті. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде ереже бұзу сынды жағдайлар анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығаруға құқылы.
Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасы іріктеген қатысушылар жобаның жеңімпаздары болып танылады.
Жобаға қатысуға өтініш беру тәртібімен 100janaesim.ruh.kz сайтынан танысуға немесе +7 701 071 77 20, +7 7172 64 85 23 телефондарына хабарласуға болады.