Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Fashion Girls in Business» жобасының онлайн режимінде ашылуы өтеді

Құрметті Достар!
2021 жылдың 11 наурызында АҚШ Елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өзара әріптестікте іске асыратын «Fashion Girls in Business» жобасының онлайн режимінде ашылуы өткізіледі.
Жобаның мақсаты – тігін ісі, өндіріс және модельдеу саласында оқитын Нұр-Сұлтан қаласындағы колледж студент-қыздарының кәсіпкерлік қабілетін арттыру мен мотивациясын дамытуға жәрдемдесу.
Жобаның ашылу салтанатына АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің грант-менеджері – А.Аура Амбер, Green TAL ЖШС әлеуметтік корпорациясының негізін қалаушы – Эмин Әскеров, Red Point Kazakhstan маркетингтік коммуникация сервисінің негізін қалаушы – Әсел Қожақова, TSE Art Destination галереясының арт-директоры – Бауыржан Сағиев қатысады.
Іс-шара аясында тренерлер:
«Кәсіпкерлік негіздері: бизнес-жоспарлау және сату»,
СММ-маркетинг және коммуникация»
«Сән тарихы, оның ішінде американдық сән тарихы» сияқты жоба курстарын таныстырады.
Қатысушыларға аталған жоба бойынша қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, іс-шараның жалғасы ретінде қатысушыларға арналған «Кәсіпкерлік негіздері: бизнес-жоспарлау және сату» курсы бойынша бірінші сабақ өткізіледі.
Анықтама телефоны – +7-7172-22-12-44