Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығы алты жоба бойынша ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант беру конкурсын жариялады.

Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығы алты жоба бойынша ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант беру конкурсын жариялады. Жобалар қоғамның әлеуметтік саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғам институтының әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша бизнесті, азаматтарды, қайырымдылық ұйымдарын, волонтерлер мен ҮЕҰ-ны игі істерге жұмылдыру мақсатында «Қайырымды істер марафоны» жобасына конкурс жарияланды.
Сондай-ақ, «Күміс волонтерлік» (аға буынның волонтерлікке қатысу) жобасы бойынша конкурс жарияланды. Оның аясында алдыңғы буын өкілдерін волонтерлікке белсене қатысуға шақырып, осы арқылы аға ұрпақтың белсенді әрі ұзақ өмір сүруі тақырыбын қозғайтын іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ҮЕҰ-ға мемлекеттік грант ұсыну жөніндегі іс-шаралар аясында алдыңғы конкурста орындаушысы анықталмаған 4 жоба бойынша конкурс қайта жарияланатын болады.
Атап айтқанда:
– Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
– Өмірде қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
– «Каzislam.kz» арнайы исламдық Интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
– Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе) конкурстар қайта жарияланды
Қайта жарияланған конкурсқа қатысу шарттарымен толық танысу үшін төмендегі сілтемеге өту қажет.

Мемлекеттік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды беруге арналған қайта конкурс жарияланады