Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Әсел Қожақова практикалық тапсырмалары бар «Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникация» тақырыбында 4 семинар-тренинг өткізеді

Достар, сіздерді кәсіпкерлік негіздері бойынша жаттықтырушылармен таныстыруды жалғастырамыз.
Жоба аясында шақырылған жаттықтырушы Әсел Қожақова практикалық тапсырмалары бар «Кәсіпкерлік негіздері: SMM маркетинг және коммуникация» тақырыбында 4 семинар-тренинг өткізеді.
Әсел Қожақова – Red Point Kazakhstan Маркетингтік коммуникациялар сервисінің негізін қалаушы және бас директоры. Chartered Marketer (Стратегиялық маркетинг) дәрежесінің иегері, Chartered Institute of Marketing және Digital Marketing (Columbia Business School). Coca-Cola, Microsoft, General Motors, Beeline, EXPO 2017 Astana компанияларында корпоративтік секторда 17 жылдан астам қызмет атқарған.
Бизнес және маркетинг бойынша көптеген қазақстандық және Халықаралық бағдарламалар мен байқаулардың лауреаты. Кәсіби қызметі барысында компаниялар үшін 200-ден астам баспасөз конференциялары мен түрлі сипаттағы баспасөз іс-шараларын өткізіп, 50-ден астам спикерлерді сұхбатқа дайындады. EXPO-2017 Astana коммуникациялық стратегиясының және ұлттық компанияларға арнғалған бірқатар стратегиялардың авторы.
Сондай-ақ, Әсел «Уақыт иесі. Үйдегі уақытты басқару» бестселлернің авторы. Достар, «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасы АҚШ-тың Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен әріптестікте іске асырылып жатқанын еске саламыз.