Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жануарлар құқығын қорғау жөніндегі конференцияға қатысты

2021 жылғы 2 наурызда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Брижит Бардо қоры» Француз-Қырғыз экотуризм қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған жануарлар құқығын қорғауға арналған онлайн конференцияға қатысты. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің ветеринарлық қызметтері, жергілікті атқарушы органдары мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

 

Конференция барысында баяндама жасаған доктор Абдул-Джалил Мохаммадзай қаңғыбас жануарлар санын қадағалаудың адамгершілік тәсілдері жөнінде Ауғанстан тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, Доктор Мохаммедзай 2017 жылдың тамыз айында Кабул қаласында «Mayhew» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, құтырмаға қарсы жаппай вакцинациялаудың үш жылдық стратегиясын әзірлеп, іске асырған. Стратегия қазіргі уақытта «TVNR» кешенді бағдарламасымен (аулау, вакцинациялау, ұрықсыздандыру және босату) бірге жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама Кабул қаласында 2019 жылы шілде айында алғаш рет ашылған жануарлардың көбеюін бақылау Орталығының ашылуымен қатар басталған болатын.  Аталған тәжірибе арқылы «Брижит Бардо» қоры Орталық Азия елдеріндегі қаңғыбас жануарларды бақылауға және жануарлар құқығын қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бұл үшін жергілікті жерлерде мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсетілуі қажет екендігі айтылды. Осыған байланысты қордың өкілі Бриджит Алуа Қазақстан ветеринарларына қаңғыбас жануарларды ұрықсыздандырудың жаңа әдістерін оқыту бойынша 2021 жылдың жазында Семей қаласында өтетін арнайы іс-шара туралы хабардар етті.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жануарларға жауапкершілікпен қарауға арналған «Birgemiz: Ayala» жобасы бойынша грант жариялады. Жоба «Қазақстан еріктілер лигасы» ҚҚ, «Досыңды қорға» жануарларды қорғау орталығы, «Сердце Ангела» ҚҚ, сондай-ақ «Марсияне» эко-туристік агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылмақ.

Бұл ретте, жануарлар құқығын қорғау саласында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Брижит Бардо» қорымен және басқа да мүдделі тараптармен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуды көздеп отыр.