Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ » Impact Hub Almaty» КҚ ақпараттық серіктесі болғанын хабарлаймыз

Құрметті достар!

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ » Impact Hub Almaty» КҚ ақпараттық серіктесі болғанын хабарлаймыз, ол Шеврон компаниясының демеушілік қолдауы шеңберінде «Ozgeris Ustasy» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін премияға өтінімдер қабылдауды бастады.

Премияның мақсаты-аудиторияның назарын Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласына аудару.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан аумағында ресми тіркелген коммерциялық және коммерциялық емес ұйым нысанындағы (кемінде 1 жыл жұмыс істейтін) әлеуметтік кәсіпкерлер шақырылады.

7 номинация бойынша әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгілері қоғамдық мойындауға ғана емес, сонымен қатар 500.000 теңге мөлшерінде ақшалай грантқа ие болады.

Ағымдағы жылы ұйымдастырушылар «Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында Covid – 19 пандемиясының сын-қатерлерін шешуге арналған Инновация» атты 2021 жылғы арнайы номинацияны қосты.

Аталмыш сыйлық 2019 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Impact Hub Almaty » КҚ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ серіктестігінде құрылды.

Осы туралы толық ақпаратты » Ozgeris Ustasy » премияның ресми сайтынан таба аласыз.