Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен әріптестікте «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын іске асыруға кірісті.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасымен әріптестікте «Fashion Girls in Business» әлеуметтік жобасын іске асыруға кірісті.

Аталмыш жоба тігін ісі/өндіріс және модельдеу саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Нұр-сұлтан қаласы колледждерінің студент-қыздарының экономикалық тәуелсіздігіне ықпал етуге, сондай-ақ олардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және уәждемесін арттыруға көмектеседі.

Жоба қатысушылары жұмыспен қамту және өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында кәсіпкерлік негіздерінің бизнес-жоспарлау, маркетинг, сату және коммуникация бағыттары бойынша, сондай-ақ сән тарихы бойынша семинар-тренингтерден өтетін болады.

Тренингтерді «Green TAL» ЖШС әлеуметтік корпорациясының негізін қалаушы Эмин Аскеров, Red Point Kazakhstan маркетингтік коммуникация сервисінің негізін қалаушы Әсел Қожақова және TSE Art Destination галереясының арт-директоры Бауыржан Сағиев өткізеді.

Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанның танымал әйелдерімен бейресми кездесулер ұйымдастырылып, олар өз тәжірибелері мен білімдерін жас қыздармен бөлісетін болады.

Жоба соңында қатысушылар арасында театр қойылымына костюмдер тігу бойынша конкурс өткізіліп, игерілген білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беріледі.

Жоба турады жаңалықтарды Орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында келесі сілтемелер бойынша бақылап отырыңыз:

https://cisc.kz/ru/

https://www.instagram.com/cisc_official/

https://www.facebook.com/cisc.kz

https://telegram.me/+77755110741

Сұрақтар туындаған жағдайда +7-7172-22-12-44 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

#girlpower #womanempowerment #girlboss #FashionGirlsinBusiness #cisc #nonstatefunding #usembassy #usembassykz #federalgrant #americancornerskz