Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Біз сәздерді ҮЕҰ арасында мемлекеттік гранттар беру үдерісімен таныстыруды жалғастырамыз.

Бүгін біздің айдарда сізге іріктеу комиссиясы мен сарапшылар тізілімін қалыптастыру тәртібі туралы айтып береміз.

Мәселен, конкурстық комиссияның алдын ала және түпкілікті құрамын қалыптастыру мақсатында Оператор гранттар жоспарын бекіткен үш жұмыс күні ішінде сарапшыларды іріктеу жөніндегі комиссияны құрады және сарапшыларды іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысы ұйымдастырылады.

Комиссия төрағадан, орынбасардан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Бұл ретте, Комиссия құрамына оператордың әлеуетті грант алушылары болып табылмайтын әрбір тапсырыс берушіден, әріптес ҮЕҰ өкілдері кіреді.

Сарапшыларды алдын ала конкурстық комиссияның құрамына іріктеу үшін оператор оператор мен ҮЕҰ ұсынған тұлғалар қатарынан тұрақты негізде сарапшылар тізілімін қалыптастырады.

Оператордың қызметкерлерін қоспағанда, конкурстық комиссияның сарапшысына қойылатын талаптарға сәйкес келетін кез келген тұлға сарапшы бола алады.

Тізілімге енгізу үшін келесі құжаттар қажет:

  1. Бір немесе бірнеше бағыт бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі туралы ақпараттың мазмұны бар конкурстық комиссияларға қатысу тәжірибесі (осындай тәжірибе болған кезде) мен тиісті бағыт бойынша жобалар көрсетілген сарапшылардың түйіндемесі.
  2. Ұсыныс хаттар (болған жағдайда)
  3. Жеке куәлік көшірмесі
  4. Кандидат туралы мәліметтер тізілімге енгізу үшін ұсыным бойынша міндетті түрде ұсынылады.

 

Жалғасы бар…