2021 жылғы 29 маусымда жарияланған конкурстың алдын ала қорытындылары

Гранттар беру және олардың іскеасырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелерінің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Осы арқылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) мемлекеттік гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалау кеңсесінің 2021 жылдың 24 маусымында жариялаған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстың нәтижелері бойынша 3 ҮЕҰ – нан 3 өтінім берілгенін, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 ҮЕҰ-нан 1өтінім келіп түскенін хабарлайды. 

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 23 шілдесінде аяқталды.

Ағымдағы жылдың 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген, Үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 26-тармағында көзделген талаптарын сәйкестігіне және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы “22” шілдедегі № 224 “Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы  № 419 ” және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылға үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар берудің жоспарына сәйкестігіне тексеру аяқталды.

Нәтижесінде, 3 ҮЕҰ-дан 3 өтінім сараптамалық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болды.