Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сенім
телефондары
+7 (771) 348-83-84 +7 (7172) 72-96-53

Донорлар форумы

Адамдарға көмектесіп донор болатын және қайырымдылық жасайтын азаматтарға мемлекет қолдау көрсетеді. Игілікті іске қолайлы орта қалыптастырып, азаматтық қоғамның әлеуетін дамыту мәселелері Азаматтық форумы аясында онлайн форматта өткен Донорлар форумында қаралды. Сондай-ақ, донорлық қызметтің қазақстандық тәжірибесі, отандық және халықаралық компаниялардың әлеуметтік саясатының үздік тәжірибелері талқыланды. Онлайн жиынға әлемнің ірі донорлық ұйымдары мен әлеуметтік жобалар бойынша грант беретін қоғамдастық өкілдері қатысты. Форум қорытындысында нақты ұсыныстар әзірленіп, жаһандық ұйымдарман келісімшарт жасалмақ.

Мадияр Қожахметов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері бойынша комитет төрағасы:

Қайырымдылық туралы заңға өзгерістер енгізу, олардың ішінде қайырымдылық көрсетіп жатқан бизнеске салықтық жеңілдік жасау. Бұл – механизм өте қажет. Олардың әлеуметтік жобаларға араласуы біріншіден әлеуметтік жауапкершілікті көтереді.

Армангүл Тоқтамұрат

https://qazaqstan.tv/news/134197/

Құжаттар