Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Цифрландыру – Орталықтың стратегиялық бағыттарының бірі

«Бұл процесс байыпты түрде, үкіметтік емес ұйымдармен бір мезгілде іске асырылып жатыр. 2019 жылы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы барлық мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен электрондық құжат айналымына көшті. 2020 жылдың қаңтарында біз үкіметтік емес ұйымдар түріндегі серіктестерімізбен электрондық құжат айналымына көштік. Бұл тиімді жұмыстың қалыптасуына ықпал етеді», – деп жазды «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасының төрайымы Бәтима Мукина өзің фейсбук желісіндегі парақшамсында.

«Достар, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, квазимемлекеттік сектордың өкілі ретінде жақында ғана өз стратегиясын бекітті. Бұл – биылғы жылдан бастап алдағы 5 жылда Орталық қызметін одан әрі іске асырудың бірыңғай құжаты.

Біздің миссиямыз ҮЕҰ-ға әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Үкімет пен өзге де ұйымдар азаматтық бастамаларды қолдау аясында әлеуметтік жобаларды қаржыландырып отыр.

Біздің бастапқы мақсатымыз – мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыруға ҮЕҰ тарту және әлеуметтік жобаларды іске асыру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау.

Стратегияны іске асыру аясында 5 бағыт анықталды:

  1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттық қаржыландыруды басқарудың стратегиялық деңгейін трансформациялау.
  2. Ақпараттық трансформация – Гранттық қаржыландыру жүйесіне көшу.
  3. Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жүйесін құру және донорлық қаражат есебінен әлеуметтік жобаларды қаржыландыру.
  4. Гранттық қаражатты пайдалануды бағалау және бақылау жүйесін трансформациялау.
  5. Орталықтың корпоративтік мәдениетін трансформациялау.

Біз грант беру бағыттары бойынша SMART индикаторларын енгізе бастадық. Қазіргі уақытта гранттық қаржыландыру жүйесіне интеграцияланатын халықаралық тәжірибені зерделеу жүргізілуде.

Биыл біз өз қызметімізді өңірлік деңгейге дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Гранттық қаржыландыруды енгізу үшін жергілікті атқарушы, орталық органдармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Орталық 2019 жылдан бастап біздің мүмкіндіктерімізге, соның ішінде қаржылық мүмкіндіктерімізге байланысты электрондық жұмыс форматына көшуге тырысуда.

Бұл процесс байыпты түрде, үкіметтік емес ұйымдармен бір мезгілде іске асырылып жатыр. 2019 жылы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы барлық мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен электрондық құжат айналымына көшті. 2020 жылдың қаңтарында біз үкіметтік емес ұйымдар түріндегі серіктестерімізбен электрондық құжат айналымына көштік. Бұл тиімді жұмыстың қалыптасуына ықпал етеді.

2020 жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар шығармашылық және қаржылық есептерді ай сайынғы негізде онлайн форматта тапсырып келеді, ал барлық есептілікті қағаз түрінде бір рет, тек жыл соңында ғана тапсырады.

2021 жылдан бастап Орталық гранттар бойынша электрондық конкурс (іріктеу) өткізу үшін гранттық қаржыландыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл, негізінен, гранттық қаржыландыру жүйесінің бірыңғай электрондық порталы арқылы бүкіл конкурсты өңдеуге және өткізуге серпін береді. Біз аталмыш жүйенің әзірленіп, біздің жұмысымызға енгізілгенін күтудеміз. Бұл бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді», – деп жазды Бәтима Мукина.