Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Бәтима Мукина: «Үкіметтік емес ұйым есеп көлемін өздері анықтайды»

«Азаматтарды қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасының төрйымы Бәтима Мукина Facebook-тегі өзінің парақшасында үкіметтік емес ұйымдар есеп көлемін өздері анықтайтынын жазды. Бұл туралы Optimism.kz хабарлайды.
– Достар, соңғы уақытта Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ұсынатын есеп өте күрделі дегенді жиі еститін болдым.
Мен мұнымен келіспеймін. Әріптестер мені қолдайды деген ойдамын. Бізде есеп ең қарапайым, біз тек форматты анықтаймыз. Ал оны үкіметтік емес ұйымдар өздері толтырады. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ресми емес жоба үшін қажетті құжаттардың тізбесін қалыптастыра алмайды. Өйткені ондай өкілеттігі жоқ. Бекітілген функцияларға сәйкес Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурс өткізеді және әлеуметтік жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Грантты жеңіп алушылармен шарт жасалған кезде тапсырылатын есептілік форматы айқындалады. Жеке шығармашылық есеп бар, жеке қаржылық есеп бар.
Бұрын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы барлық бастапқы қаржылық құжаттарды алып отыратын еді, бірте-бірте бұл есептілік заңмен және тиісті ережелермен айтарлықтай жеңілдетілді. Қазір біз «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңға және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңға сәйкес бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі жиынтық ақпаратты ғана аламыз.
Шығармашылық есепті грант алуға үміткер үкіметтік емес ұйым өтінім берген кезде анықтайды. Әрбір әлеуметтік жобаның мақсаты мен міндетіне байланысты қандай да бір грантты ұтып алу ниеті бар үкіметтік емес ұйымдар қандай іс-шаралар түрлерін өткізетінін, осы іс-шаралардың форматы, оның күрделілігі, аумақтылығы және т.б. өздері анықтайды. Яғни, өткізілетін іс-шаралар бойынша тапсырылатын құжаттарды өздері анықтайды. Мысалы, тренингтер өткізген кезде олар студенттердің тізімдерін, посттарды, фотосуреттерді, бейне есептерді және т. б. құратындарын жазады. Есепті толтырумен өздері айналысады. Ал Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бұл процеске араласуға құқығы жоқ, – деп жазды ол.

https://optimism.kz/2020/10/13/batima-mukina-npo-sami-opredelyayut-obem-otcheta/