Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ дарынды жастарды қолдау жөніндегі жобаны іске асыруға атсалысады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыратын «Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын «Логос-Қарағанды» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады. Осы жоба аясында сәуір айында жас және талантты қазақстандықтар үшін байқау басталды. Республикалық конкурстарда 30 жеңімпаз анықталды, олар 200 000 мың теңгеден шағын грант алды, Халықаралық конкурстарда 20 жеңімпаз 700 000 теңгеден алды. Бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрайымы Бәтима Мукина жазды.

Дарынды балаларды анықтау және қолдау жұмыстары дамыған елдерде ХХ ғасырдың 80-ші жылдары іске асырыла бастады. Олар идеологиялық және құрылымдық жағынан бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бірақ мұндай жұмыс осы уақытқа дейін жүргізіліп келді, бүгінгі таңда да жүргізілуде.

Талантты адамдар әрқашан қоғамның, өздері өмір сүріп жатқан елдің дамуында үлкен рөл атқарып келген. Сондықтан дарынды жастардың материалдық деңгейіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, олардың бірегей қабілетін дамыту үшін, табысқа жетуі үшін жағдай жасау қажет.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыратын «Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы дәл осы арнаға бағытталған. Жобаны «Логос-Қарағанды» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.

Осы жоба аясында сәуір айында жас және талантты қазақстандықтар үшін байқау басталды. Байқаудың негізгі міндеті – дарынды жастарды анықтау, сондай-ақ республикалық және халықаралық конкурстарға қатысу үшін шағын гранттармен қамтамасыз ету, қазақстандық шығармашыл жастарды шетелде танымал ету, мәдениетаралық коммуникацияларды нығайту. Бұдан басқа, көнкөріс деңгейі төмен жастарға көмек көрсету, шығармашылық әлеуетті қолдау және республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысуына мүмкіндік жасау.

Республикалық конкурстарда 30 жеңімпаз анықталды, олар 200 000 мың теңгеден шағын грант алды, Халықаралық конкурстарда 20 жеңімпаз 700 000 теңгеден алды. Грант қаражаты конкурсқа қатысуға, жол жүруге, тұруға, трансферге, визаға, медициналық сақтандыруға арналған нысаналы жарнаға не конкурсқа қатысу үшін қажетті құрал-сайманға, жабдыққа (негіздеме бойынша) немесе конкурстық костюмге жұмсалды.

Осылайша, талантты жастар өздерін көрсетуге тағы бір мүмкіндік алды. Өйткені, тұрғындардың физикалық және қаржылық мүмкіндіктері бірдей емес. Бірақ бұл дарынды балалар үшін кедергі болмауы керек, олардың әрқайсысының да танымал болуға құқығы бар.

Осындай грантң иегерінің бірі жас жазушы Светлана Люльчак болды. Гранттық қаражатты Светлана Алматы қаласының аңыздары мен тарихына негізделген фэнтези-триллер жанрында жазылған «Алманың әкесі» кітабының иллюстрацияларының макеті мен дизайнын жасауға жұмсайды. Осы кітаппен бойжеткен Англияның Лондон қаласында өтетін Еуразиялық әдеби форумға, сондай-ақ «Жаңа көкжиектер» фантастика жанрындағы ресейлік ірі әдеби байқаулардың біріне қатыса алады.

Дарынды киім дизайнері Гүлназ Андабаева шығармашылық гранттың иегері атанды. Енді қатысушы әйелдерге арналған қазақ ұлттық киімінің дизайнымен Санкт-Петербург қаласындағы Халықаралық Этномода фестиваліне барады.

Ал «Арена чудес» халықтық цирктік ұжымы Қазақстанды Прагадағы халықаралық байқауда таныстырмақ.

Жеңімпаздардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласынан келген Валерия Хан. Валерия эстрадалық вокалмен айналысады, көбінесе авторлық әндермен өнер көрсетеді. Ол көптеген конкурстардың жеңімпазы және жүлдегері болып табылады, 2020 жылдың қараша айында Чехияда өтетін «Pearls of Europe» халықаралық фестиваль-конкурсына қатысуды жоспарлап отыр. Осындай деңгейдегі фестивальдарға қатысу үшін жас орындаушыға авторлық құқықты ала отырып, авторлық әнді орындау қажет. Грант қаражатына олар Валерия үшін арнайы жазылған әнге құқық алуды жоспарлап отыр.

Көкшетаудағы Біржан Сал атындағы музыкалық колледж студенті Диас Тілектес те грант иегері атанды. Ал Павлодардан келген 17 жастағы оқушы Алина Петухова «паратанцы» санатындағы конкурсқа қатысу үшін шағын грант жеңіп алды.

Барлық талантты жастарға табыс тілеймін. Табысқа жету оңай емес. Тынымсыз еңбек жеңіске жетелері сөзсіз! Бұл балалардың қуанышын түсінуге болады. Өйткені, олар өз мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Кім біледі, мүмкін бұл мәре сызығы болар немесе сәттіліктің кепілі де болуы мүмкін ғой! Ал оған біздің де қатысымыз болғаны неге тұрады!

 

НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» участвует в реализации проекта по поддержке талантливой молодежи