Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

ШАҒЫН ГРАНТ – ҮЛКЕН ІСТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Birgemiz жобасы: Taza Alem волонтерлерге табиғатты сақтауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу бойынша нақты міндеттерді шешуде азаматтардың ерікті миссиясын және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған Шағын гранттар байқауының жеңімпаздары өздерінің волонтерлік бастамаларын іске асыруға 300 000 теңге мөлшерінде шағын грант алды.

Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның Басқарма төрайымы Бәтима Мукина өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Нақты мәселелерге бағытталғандықтан болар, шағын гранттарды іске асырудың әсері айқын көрінеді. Олардың кейбіреулеріне тоқталып өтсек.

Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Қазақстан» онлайн экомектебі» шағын жобаларының бірі мектептер мен оқу орталықтарының оқытушыларына арналған. Ой елегіне салар болсақ, жер ресурстарын тұтыну үшін жауапкершілік әрқайсымызға жүктелген. Бұл жобаның мақсаты әлемдік жасыл саясаттың сын-қатерін ескере отырып, өскелең ұрпақты саналы тұтынуға шақыру. Қалдықтарды бақылау айтарлықтай үлкен міндетке айналды, және де кешенді тәсілді қажет етеді.

«Жасыл Қазақстан» онлайн экомектебі бұл мәселеде бастама көтеріп, балаларға күнделікті пайдалы әдеттерді үйрете отырып, қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге бел шеше кірісті.

Жоба аяқталғаннан кейін де онлайн мектеп барлық өңірлерді қашықтан қамти отырып, сондай-ақ балаларға арналған экологиялық білім беру сабақтарының және экологиялық жобалардың тақырыптарын үнемі толықтыра отырып, бүкіл республика бойынша оқытушылар мен тәрбиешілерге әдіснамалық қолдау көрсетуді жалғастырады.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында іске асырылып жатқан «Чистая Уба» «Таза Оба» жобасы аясында қалалық жағажай мен «Марьин утес» жартасты полигонын қоса алғанда, Оба өзені бойынша дәстүрлі туристік тұрақтар мен халықтың демалыс орындарын тазалау және абаттандыру ұйымдастырылды. Нәтижесі айтарлықтай. Жергілікті тұрғындар да, туристер де риза.

Ал енді Алтынсарин ауданының аумағында қарағайлы орманның салыстырмалы түрде шағын аумағын алып жатқан «Сосновый бор» санаторийі орналасқан. Санаторийдің экологиялық жағдайына қызметкерлер жауапты, қорғайтын да қызметкерлер, ал орманның қалған бөлігі жыл бойы жақын маңдағы ауылдардың ғана емес, негізінен қалалық келушілердің сүйікті демалыс орны болып табылады. Олар орманға еркін кіреді, от жағады, кәуап жасайды, шатырлар орнатады және демалған жерлерінде қоқыстарын қалдырады. Жыл сайын қарағайлы орманда өрт пайда болады, бұл денсаулыққа құнды орманның бірнеше гектарын алып кетеді. Орман шаруашылығы қызметкерлері барлық демалушыларды бақылап үлгермейді. Бұл таяқтың бір ұшы ғана. Аудан ауылдарының басым бөлігінде орман жоқ. Балалар мен ересектерге арналған су қоймаларындағы жағдай да осындай. Таза су қоймалары жоқ немесе оларды оларды ауыл тұрғындары өздері бітеп тастаған. Аудан халқының жағдайы барлары әр жаз сайын балаларын Сосновый борға шомылуға алып барады, аумаққа кіру үшін ақша төлейді. Ал көнкөрісі төмен отбасылар бұл мүмкіндіктен шет қалады. Мұндай отбасылар аз емес.

Шағын грант жеңімпаздарының бірі Айнұр Бакун өзінің «Тропинка» жазғы туристік-экологиялық лагері жобасымен ауданның әрбір ауылында волонтерлік экологиялық жасақтар дайындауға көмектескісі келеді, олар кейін ауыл аумағындағы жасыл желектер мен су қоймаларын күзетумен және қорғаумен айналысатын болады, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізбек ниетте.

Белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған осындай шағын жобалар өте көп. Олар туралы алдағы жазбаларда айтылатын болады.