Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің грантын жеңіп алды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) Орталықтың бастамаларын ілгерілету бойынша жұмыс шеңберінде әлеуметтік жобаны іске асыруға Америка Құрама Штаттарының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігінің грантын ұтып алды.

Бұл мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша Жобалық кеңсе командасының есебіндегі АҚШ Елшілігінен ашық гранттық өтінімдер конкурсында алынған алғашқы гранты болып табылады.

Жоба Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіптік және техникалық білім беру колледждерінде оқитын қыздар арасында экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және кәсіпкерлік идеясын ілгерілетуге бағытталған.

Жоба аясында студенттерді кәсіпкерліктің бизнес-жоспарлау, маркетинг, сату, коммуникация сияқты дағдыларына оқытатын болады. Сондай-ақ қатысушыларға алған білімдерін өз тәлімгерлерінің басшылығымен іс жүзінде қолдана алатын алаң ұсынылады.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде одан әрі экономикалық тәуелсіздік пен тұрақты дамуды нығайту үшін қатысушылардың әлеуетін дамытуға және уәждемесін арттыруға жәрдемдесетін диалог алаңын ұйымдастыру жоспарлануда.

Орталық аталған жобаны 2020 жылдың қараша айында жүзеге асыра бастайды. Біздің ресми сайтымыздағы және әлеуметтік желілердегі парақшалардағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.