Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтауға 1000 волонтер тартылды

Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам басқармасының төрайымы Бәтима Мукина өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Жобаны іске асыруды 2020 жылдың наурыз айында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы еріктілер жылы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен бастады. Жобаның мақсаты – тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау. Оны іске асыруға 1000 волонтер тартылды.

Жоба аясында Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында еріктілерді қолдау орталықтары ашылды. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстарында 10 археологиялық жұмыс ұйымдастырылды. Оған 47 ерікті қатысты. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған каверерлер байқауы өтті.

Отырар қалашығында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге волонтерлер де үлес қосты, Түркістан студенттері қатарынан волонтерлер тобының 12 мүшесі Дарбаза қақпасының қабырғаларын төсеу жұмыстарына қатысты. Ақмола облысында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін қалпына келтіруге көмектесті. Сондай-ақ, «Жасыл мешіт» қабырғасы қалпына келтірілді.

Еліміздің түрлі өңірлерінде 68 шағын грант жүзеге асырылуда. Балалар мен жастардың назарын халықтың мәдени мұрасына аударуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Asyl mura life» республикалық онлайн-конкурсы жарияланды», – деп жазды Бәтима Мукина.