Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Бәтима Мукина: «Азаматтық ұстаным белсенді өсіп келе жатқаны айқын – Президенттің бастамасымен көзқарас та өзгеріп келеді»

Азаматтық ұстаным белсенді өсіп келе жатқаны айқын – Президенттің бастамасымен көзқарас та өзгеріп келеді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында http://www.akorda.kz/…/memleket-basshysy-kasym-zhomart-toka… осындай қиын жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыспен қамтуды және халықтың табысын сақтау біздің басты міндетіміз екенін атап айтты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы.

Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет.
Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде бас жоспарлаушы да, орындаушы да, бағалаушы да мемлекеттік аппарат болып табылады. Бұл дұрыс емес.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі барлық адами ресурстарды жұмылдыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке сектор мен қоғамды жоспарлаудың, орындаудың, бағалаудың барлық кезеңдерінде толыққанды әріптес ретінде тартуы тиіс. Сондықтан Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы шешім қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттігін атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының бастамасымен көзқарас біртіндеп өзгеріп келе жатқандығын мойындау керек. Алдымен түпкілікті тұтынушыны тыңдау керек, саясат – содан кейін – азаматтық қоғамның қалауы да осы. Азаматтық ұстаным белсенді өсіп келе жатқаны анық.

Егер мемлекет үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдайтын болса, іске асырылатын жобалардың әлеуметтік тиімділігі жоғары болмақ.