Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру аясында «Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы» өз жұмысын бастайды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ), «Өмірге құштар жандардың қоғамы» (Общество Неунывающих Инвалидов) қоғамдық бірлестігінің «ЕРЕКШЕ ТАҢДАУ – ШЕЛЕК» корпоративтік қоры және Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) грантты беру және оны іске асыру туралы үшжақты келісімге қол қойды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсесінің қызметі аясында Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) материалдық-техникалық қамтамасыз ету түрінде грант беру үшін әлеуметтік жобалар тізіліміндегі әлеуметтік жобаны қолдады. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ кепілгер болды.

Нәтижесінде «Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы» әлеуметтік жобасы іске асырылатын болды. Бұл мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру аясында жұмыс істейтін алғашқы жоба болмақ.

«Мүгедек жасөспірімдерді дамытуға арналған креативті идеялар орталығы» 9 ай ішінде Алматы қаласында білім беру курстарын өткізуді жоспарлап отыр, оған мүгедектігі бар 20 жасөспірім қатысады.

Бұл жобаның мақсаты – жаңа идеялар мен стандартты емес шешімдерді іздеу, тәлімгерлердің жетекшілігімен қатысушылардың тәжіибелік жұмыстарын жүргізу арқылы креативтілік пен табысқа жету үшін қажетті дағдыларды (soft and hard skills) дамыту, шығармашылық әлеуетті ашу, оқыту, өзін-өзі оқыту және дағдылармен алмасу мақсатында қатысушылар үшін креативті кеңістік-орта және қолайлы жағдай қалыптастыру арқылы идеялар тудырып, эксперименттер жасау. Орталық «ITeachMe» Қоғамдық қорының құзыреттілікті дамыту орталығы базасында орналасатын болады.

Айта кету керек, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) (Türk Işbirliği ve Koordinasyon Ajansı Başkanlığı) Түркі елдері мен қауымдастықтарына ерекше назар аудара отырып, дамушы елдердің дамуына көмектеседі. Оның миссиясы – түркі елдері мен қауымдастықтар арасында ортақ мәдени, әлеуметтік мұра мен құндылықтарды сақтауға бағытталған әлеуметтік және мәдени жобалар мен іс-шараларға қатысу.