Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Елде мамандандырылған сарапшылар институтын құру ұсынылды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина «Азаматтық сараптама» онлайн платформасы аясында өткен брифингте әлеуметтік жобаларды бағалайтын мамандандырылған сарапшылар институтын құруды ұсынды.

Сарапшыларды арнайы оқыту платформасын құру бастамасы – жақсы идея. Бізде сарапшылар туралы ақпарат сайтта тұр. Өткен жылы жеке сарапшылар бізге хабарласып, оларға «сен біздің өтінімді қалай бағаладың?» деген қысым түсіп жатқанына шағым айтып, «енді әлеуметтік жобаларды бағалап, сарапшылық етпеймін» деп хабарласты. Сондай-ақ, жексенбі күні маған депутат хабарласып, «менің тегімді рұқсатымсыз неге жарияладыңыздар? Мен таңертең қорқытатын қоңыраулардан оянғым келмейді» деп хабарласты. Заң бар, Конституция бойынша құқығымызды қорғай аламыз. Жеке қолданушылардың мәліметін құпия түрде сақтау нормасы да бар. Сәйкесінше, сарапшы жобаны бағалаған соң, «мен өзімнің жеке мәліметтерімнің таралуына қарсымын» деп өтініш жаза алады. Бірақ сот органдары, реттеу органдары сұраған жағдайда ақпарат ашық болады деген сөз, – деді Мукина.

Ол атағандай, сайтта ашық жұмыс істеуге дайын сарапшылардың мәліметтері жарияланған.

Бұл мәселені шешу үшін біз не істедік? Қазір ішкі құжаттар айналымында гранттық қаржыландыру жобаларының сарапшысы болсаң, қажетті құжаттарға қол қоясың. Осыған дейін нормалар тұлғалардың рұқсат етуінсіз жеке мәліметтерді жариялауға рұқсат бермеді. Қазір бұл нормалар ескеріліп, жұмысты қалыптастырдық. Өткен жолғы жұмыстық топтың отырысына қатысқан сарапшылар ішкі проблеманы біледі. Бұл тұлғалар тәртіпті өзгерту бойынша жұмыс тобының құрамына да енген. Мен өткен жолы мамандандырылған сарапшылардың институтын құруды ұсындым. Олар әлеуметтік жобаларды бағалайтын еді. Себебі, гранттарға бөлінетін сома айтарлықтай аз емес. Жауапкершілік болу керек. Осындай институт енгізсек, сертификациялау бағалаудың жауапкершілігін арттырады, – деді ол.

Бұған дейін брифинг барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынаста шарттылық мәселелер көп екенін мәлімдеген еді.

 

https://baq.kz/news/othernews/mamandandyrylgan-sarapshylar-instituty/