Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Жобаларды басқару департаментінің жоба менеджері қажет

Міндеттері:

– ҮЕҰ үшін конкурсты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
– ҮЕҰ үшін конкурс өткізу (ҮЕҰ Деректер базасында өтініш берушілердің қатысуы бойынша уәкілетті органға сұрау салу, ұсынылған құжаттардың толықтығына және мемлекеттік гранттардың жоспарына сәйкестігін және өтініш беруші мәлімдеген шығындардың негізділігіне тексеру жүргізу, ҮЕҰ жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберу, сарапшыларға өтінімдер жіберу, сараптау комиссиясының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу, өтінім берушілерден келісім-шарт жасау үшін құжаттар сұрату);
– Сараптау комиссиясының қызметін қалыптастыру, үйлестіру;
– Грант алушылардың сапалық және сандық индикаторларын, ішкі нормативтік-құқықтық актілерін, мониторинг жоспарларын әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу;
– Қазақстандық ҮЕҰ үшін гранттық жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді, мониторингті жүзеге асыру;
– Жобаларды іске асыру үдерістері мен нәтижелерінің ҚР және Қоғам заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
– Жобаның нәтижелілік көрсеткіштеріне, жоспардың орындалу мерзімі, сапасы және жұмыс көлемі бойынша талдау жүргізу;
– Үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу немесе әзірлеуге қатысу;
– Үкіметтік емес секторды мемлекеттік қолдау шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
– Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдерімен, грант алушылармен кездесулерге, келіссөздерге қатысу;
– Департамент жұмысы шеңберінде мемлекеттік органның сұрауы бойынша қажетті ақпаратты ұсыну;
– Департамент жұмысы шеңберінде мемлекеттік органдармен келісіп, мемлекеттік органдарға сұрау салу.

Шарттары:
– ҚР ЕК сәйкес ресімдеу (5/2);

– Жұмыспен қамту түрі-толық жұмыспен қамту;

– Жұмыс кестесі: 09.00-18.30 (түскі үзіліс 13.00-14.30)

Түйіндемені мына мекенжайға жіберу қажет: info@cisc.kz тақырыпқа лауазымның атауын көрсету

Анықтама телефоны 22-12-91, 22-12-42