Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Мемлекеттік грантты ұсыну бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарлама

Басқарманың 2020 жылдың 3 маусымындағы № 21 шешімі негізінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2019 жылдың 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген (2020 жылдың «27» ақпанындағы №72 енгізілген өзгерістермен) ҮЕҰ үшін гранттар беру жоспары негізінде 2020 жылдың 14 мамырында жарияланған конкурсқа қатысуға үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) өтінімдерді қабылдау мерзімін 2020 жылдың 5 маусымына дейін ұзарту туралы

Орталық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күні (5 маусым 2020 жыл) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталады. Көрсетілген уақыттан кейін түскен ақпарат пен құжаттар есепке алынбайды және қаралмайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар) айқындалады және «азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ресми сайтында орналастырылған және өтінімді дайындау алдында осы Ережелермен танысуды және келесі талаптарға сәйкестігін тексеруді ұсынамыз.

  • үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасында ҮЕҰ туралы мәліметтердің болуы туралы;
  • жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеттері, сомасы, мерзімі, аумақтық қамту және күтілетін нәтиже бөлігінде гранттар жоспарына сәйкестігі;
  • грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтініш беруші қызметінің мәні, мақсаттары мен түрлеріне сәйкестігі;
  • Ереженің 10 тармағына сәйкестігі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыттан кешіктірмей операторға почта байланысы және (немесе) қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді қағаз және электрондық жеткізгіштерде енгізеді:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына cәйкес нысан бойынша, үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

5) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп, грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;

6) ұйым жарғысының көшірмесі;

7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;

8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар.

Өтінімдерді пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізген кезде құжаттар тігіледі және мөрмен (болған жағдайда) және өтініш берушінің бірінші басшысының, не оның орынбасарының қолымен бекітіледі.