Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Мемлекеттік гранттарды беру бойынша конкурстың нәтижелері

2020 жылғы 5 наурызда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстың нәтижесі бойынша,152 ҮЕҰ-нан барлығы 377 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 17 сәуірінде аяқталған болатын. Осы уақыт аралығында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қызметкерлерімен мынандай жұмыстар жүргізілді:

✔️Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу ережесінің 10-тармағына сәйкестігін қарау;

✔️Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген, үкіметтік емес ұйымдарға грант ұсыну жоспарына өтінімдердің сәйкестігін тексеру;

✔️ҮЕҰ Деректер базасында мәліметтердің болуын және уақтылы берілуін тексеру;

✔️Грант тақырыбының өтініш берушінің Жарғысына сәйкестігін тексеру.

Нәтижесінде, конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 28 тақырып бойынша 121 ҮЕҰ-нан 249 өтінім жіберілді. Ереже талаптарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 мамырында мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін өтінімдерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Отырысқа конкурстық комиссия мүшелері, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Азаматтық қоғам істері, Жастар және отбасы істері жөніндегі және Дін істері комитеттерінің өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан байқаушылар қатысады.