Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қоғам қайраткері С.Т. Рахымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан азаматтық альянсының президенті, экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Салтанат Темірқұлқызы – «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика көшу кеңесінің мүшесі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.

Бұл қоғам үшін орны толмас ауыр қайғы. Еселі еңбегімен, азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленіп, соңында өшпес із қалдырған Салтанат Темірқұлқызының жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталады.