Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу ережелері туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына сәйкес, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланың дамуының өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.

Өтінімдер 2019 жылғы «21» қаңтардың сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдер қағаз нұсқаға электронды нұсқаны қоса отырып, келесі пошта адресіне жолдануы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Туран данғылы, 19/1 үй, 6 қабат, 604 каб.

Өтінімдерді құжаттардың MS Word форматында және сканерленген нұсқада басшының мөрімен және қолымен бекітілген түрде біріңғай құжат ретінде PDF форматында алдын ала grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Орталықтың өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден сағат 18.00-ді қоса алғанда, Астана уақыты бойынша (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30 дейін).

Орталық қызметкерлері өтінімдерді қабылдадың барлық уақытында кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктемелерді Орталықтың Жобаларды Басқару департаментінен және Экономика және қаржы департаментінен келесі телефондар арқылы ала аласыз:

– Мунира Абулова 8 7172 67 81 88, 87051885725 abulova@cisc.kz

– Шырын Тленчиева 8 7172 67 81 91, 87073325590 tlenchiyeva@cisc.kz

– Мадина Мажранова 8 7172 67 81 90, 87779975588 mazhranova@cisc.kz

– Сариев Аслан 8 7172 67 81 93, 87016178188 sariev@cisc.kz (по вопросам заполнения сметы расходов)

Конкурсқа қатысудың талаптарымен толығырақ хабарландыруға қосымшаны жүктеу арқылы таныса аласыз.

Құжаттар