Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша қайта конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу ережелері туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығына сәйкес, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланың дамуының өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.

Өтінімдер 2020 жылғы «1» сәуір күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдер қағаз нұсқаға электронды нұсқаны қоса отырып, келесі пошта адресіне жолдануы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 30, 2 қабат, 211 кабинет.

Өтінімдерді құжаттардың MS Word форматында және сканерленген нұсқада басшының мөрімен және қолымен бекітілген түрде бірыңғай құжат ретінде PDF форматында алдын ала grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Орталықтың өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30 дейін).

Орталық қызметкерлері өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін кеңес беруге дайын. Қосымша ақпарат пен түсініктемелерді алу үшін Орталықтың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:

  • Ақмола облысы – Жақсыбергенова Құралай 8 701 803 00 67
  • Ақтөбе облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
  • Алматы облысы – Ерғалиева Шұғыла 8 778 010 78 20
  • Атырау облысы – Ибадуллаев Аскар 8 775 591 55 70
  • Шығыс-Қазақстан облысы – Мұхамеджанова Дана 8 702 481 62 26
  • Жамбыл облысы – Боранбаева Жанаргүл 8 702 796 37 92
  • Батыс Қазақстан облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
  • Қарағанды облысы – Боранбаева Жанаргүл 8 702 796 37 92
  • Қостанай облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
  • Қызылорда облысы – Муханов Әсет 8 707 555 18 09
  • Маңғыстау облысы – Ибадуллаев Аскар 8 775 591 55 708
  • Павлодар облысы – Мұхамеджанова Дана 8 702 481 62 26
  • Солтүстік Қазақстан облысы – Жақсыбергенова Құралай 8 701 803 00 67
  • Түркістан облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
  • Нұр-Сұлтан қаласы – Муханов Әсет 8 707 555 18 09
  • Алматы қаласы – Ерғалиева Шұғыла 8 778 010 78 20
  • Шымкент қаласы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36

Конкурсқа қатысудың талаптары жөнінде толық ақпаратпен қосымшаны жүктеу арқылы таныса аласыз .

Құжаттар