Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу ережелері туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына сәйкес, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланың дамуының өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.

Өтінімдер 2019 жылғы «19» тамызға дейін сағат 13.00-ге дейін қабылданады.

Өтінімдер қағаз нұсқаға электронды нұсқаны қоса отырып, келесі пошта адресіне жолдануы тиіс: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәнгілік ел данғылы, 20/1 үй, 7 қабат.

Өтінімдерді құжаттардың MS Word форматында және сканерленген нұсқада басшының мөрімен және қолымен бекітілген түрде біріңғай құжат ретінде PDF форматында алдын ала grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Орталықтың өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден сағат 18.00-ді қоса алғанда, Астана уақыты бойынша (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30 дейін).

Орталық қызметкерлері өтінімдерді қабылдадың барлық уақытында кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктемелерді Орталықтың Жобаларды Басқару департаментінен және Экономика және қаржы департаментінен келесі телефондар арқылы ала аласыз:

  • Мунира Абулова 8 7172 22 11 35, 87051885725
  • Шырын Тленчиева 8 7172 22 11 35, 87073325590
  • Мадина Мажранова 8 7172 22 12 24, 87779975588
  • Дана Бисенгалиева 8 7172 22 12 26, 87784204446
  • Асель Сарбалина 8 7172 22 11 18, 87014605055
  • Айгерим Каримова 8 7172 22 12 38, 87786000794
  • Сариев Аслан 8 7172 22 13 24, 87016178188

Конкурсқа қатысудың талаптарымен толығырақ хабарландыруға қосымшаны жүктеу арқылы таныса аласыз.