Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің назарына!

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдеріңізді жасақтау барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 Бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) талаптарымен мұқият танысуларыңызды және Қағиданың келесі талаптарына сәйкес келуін тексерулеріңізді сұраймыз:

  • Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы ақпараттың болуын;
  • Грант жоспарына, нақтырақ айтқанда, жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеттері, қаражаты, территориялық аумағы, күтілетін нәтижелеріне сәйкес келуіне;
  • Грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келуін;
  • Қағиданың 10 тармағына сәйкес келуін:

Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей, операторға пошталық байланыс арқылы және (немесе) қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі құжаттарды қамтитын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі өтінімді енгізеді:

1)Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;

6) ұйым жарғысының көшірмесі;

7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;

8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;

9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар.

Өтінімдерді почта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.