Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«InterActions» кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы

«InterActions» кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Прага азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі белсенділерге, журналистерге, сарапшы-талдаушыларға, әлеуметтік кәсіпкерлерге және зерттеушілерге 1-2 айға өз қалауы бойынша қабылдаушы ұйымға баруға немесе тәжірибе алмасу және серіктестікті нығайту мақсатында әріптестерді шақыруға мүмкіндік береді. Өтініш берушілер ұйым немесе бастамашыл топтан өкілдік ету қажет. Іріктеуден өткен үміткерлер шығындарды өтеуге қаржыландыру алатын болады.

Байқаудың мақсаты: Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы азаматтық бастамалар, ҮЕҰ, медиа, әлеуметтік кәсіпкерлік және талдау орталықтары арасында тәжірибе алмасу және серіктестік байланыстарды орнату.

Байқау шарттары: кәсіби алмасуға қатысатын екі тарап бір тақырып аясында жұмыс істеуі қажет, бірақ түрлі елде орналаса береді. Тәжірибе алмасудың мақсаты мен форматын өтініш берушілер қабылдаушы тараппен немесе шақырылған сарапшымен келісім негізінде айқындалады.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2020 жылдың 30 сәуірі

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша табуға болады: https://praguecivilsociety.org/interactionsru/