Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Британдық Кеңес (British Council) «Идеялар өмірді өзгертеді» (Ideas Change Lives) атты конкурс жариялады

Британдық Кеңес (British Council) «Идеялар өмірді өзгертеді» (Ideas Change Lives) атты конкурс жариялады. Конкурс әлемдік проблемалар мен сын-тегеуріндерге өзіндік сандық шешімдерді табуға бағытталған. Жеңімпаздарға өз идеяларына инвестиция құю үшін 20 000 фунт стерлинг беріледі, сонымен қатар Британдық Кеңес тарапынан жеңімпаз атанған жобаларға жыл бойы тәлімгерлік пен қолдау көрсетіледі.

Конкурстың мақсаты: әлемдегі миллиондаған адамдардың өмірін жақсартатын әсерлі және жарамды жаңа идеяларды табу. Биылғы жылы жобаның негізгі бағыты тұрақты дамудың үш мақсатын іске асыруға бағытталған: сапалы білім беру, гендерлік теңдікті, лайықты жұмыс пен экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Британдық Кеңес креативті және ерекше сандық шешімдер арқылы оң әсер ете аталатын кәсіпкерлік рухы бар адамдар мен ұйымдарды іздестіруде.

Конкурстың шарттары: әлемнің түкпір-түкпірінен жеке тұлғалар мен ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа әзірлеудің алғашқы кезеңіндегі жобалар қатыса алады (яғни міндетті түрде жұмыс прототипінің шарт емес).

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 10.01.2020

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз:

https://www.britishcouncil.org/work/partner/ideas-change-lives?_ga=2.41112676.775163608.1576820082-1005542513.1574932580