Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мүдделі ҮЕҰ-ды Feminist Review Trust гранттық бағдарламасы шеңберінде жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мүдделі ҮЕҰ-ды Feminist Review Trust гранттық бағдарламасы шеңберінде жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырады. Бағдарлама әйелдерді қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі туралы жарияланады. Бұл бағдарлама теңсіздікпен күрес жөніндегі әйелдердің шығармашылық әлеуетін қолдайды. Биылғы жылы феминизм және гендерлік зерттеулер бағыттары бойынша жобаларды ілгерілететін жеке тұлғалар және/немесе ұйымдар осы конкурсқа қатысып, 15 000 фунт стерлингке (немесе баламасы) дейін грант алу мүмкіндігі қарастырылған.

Feminist Review Fund келесі жобаларға басымдық береді: қаржыландырудың басқа айқын көздері жоқ жобалар; феминистік құндылықтарды қолдайтын интервенционистік жобалар; оқыту және даму жобалары; жеке іс-шаралар; тиісті материалдарды өндіру және тарату; қызметкерлерге, тұруға және т. б. шығындарды жабу үшін ұйымдар мен жобаларды қаржыландыру.

Бағдарламаның мақсаты: феминизм саласындағы феминистік ғалымдарды/зерттеушілерді және жобаларды қолдау.

Шарттар: әлемнің барлық елдерінен жеке тұлғалар мен ұйымдар қатыса алады.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: Құжаттарды қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Жобаларды іріктеу жылына үш рет (1-мерзім – 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін; 2-мерзім – 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін; 3-мерзім – 2020 жылдың 10 қыркүйегіне дейін)

Жобаңы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп іске асыруға мүдделі болған жағдайда келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8-71-72 -22-12-24, 8-71-72 -22-12-44, jakupova@cisc.kz

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз: http://www.feminist-review-trust.com/guidelines/