Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

АҚШ Елшілігі мен Бас консулдығы мәдени жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік ашылғандығын хабарлайды

Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі мен Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығы Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің (PAS) Гранттар бағдарламасы шеңберінде мәдени жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік ашылғандығын хабарлайды. Коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми-білім беру мекемелері 5000-нан 50 000 АҚШ доллары көлеміндегі федералдық грантты тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға шақырылады. Бағдарламаның мақсатына сәйкес келесі бағыттардағы жобаларға басымдық беріледі: ағылшын тілін оқыту, БАҚ дамыту, мәдени және білім беру жобалары, адам саудасына қарсы күрес, демократиялық құндылықтар мен бостандықтарды құрметтеу, ауа сапасын жақсарту.

Бағдарламаның мақсаты: PAS біздің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айқын көріністері арқылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы байланыстарды нығайтатын және ортақ құндылықтарға ерекше көңіл аудартатын жобаларды жүзеге асыру

Шарттар: Конкурстық жобалар Америка тарихын, мәдениетінің элементтерін немесе бірлескен құндылықтарды қамтуы тиіс, сондай-ақ, жоба аяқталғаннан кейін де АҚШ-тың саясатын терең түсіну және (немесе) АҚШ пен Қазақстанның халықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында белгілі бір саладағы американдық сарапшы (лар), ұйым (дар) немесе мекеме (лер ) мен қарым-қатынастың көрінісін қамтуы керек.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: Өтінімдер түсу мерзіміне қарай қарастырылады және ертерек келіп түскен өтімдердің қолдау табу мүмкіндігі зор.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз:  https://kz.usembassy.gov/kk/alumni-grants-kk/nofo-aps-kk/