Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Үкіметтік емес ұйымдардан қосымша өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның өзекті әлеуметтік жобалар тізіліміне енгізу мақсатында ағымдағы жылдың 18 маусымы мен 17 шілде аралығында жарияланған үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі-ҮЕҰ) өтінімдерін жинау үрдісіне төмендегі бағыттар бойынша қосымша өтінімдер қабылданатынын хабарлайды. Қоғамның әлеуметтік жобалар тізілімін жүргізудің негізгі мақсаты – ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін донорлық қаражат тарту арқылы азаматтық бастамаларды қаржыландыру мен қолдауды әртараптандыру болып табылады.

Әлеуметтік жобаларды жинау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 Заңының 5-бабының 1-тармағында көзделген төмендегі бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады:

  • Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
  • Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек
  • Мәдениет пен өнерді дамыту
  • Тарихи-мәдени мұраны қорғау
  • Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу
  • Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету
  • Пробация қызметтеріне олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде жәрдемдесу
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу.

Өтінімді әлеуметтік жобалар тізіліміне енгізу үшін келесі құжаттарды doldat@cisc.kz электрондық пошта мекен-жайына жіберу қажет:

  • MS WORD форматындағы белгіленген нысанға сәйкес толтырылған өтінім;
  • PDF форматындағы бірыңғай құжатта ҮЕҰ мөрлері мен басшыларының қолдары қойылған өтінімнің сканерленген нұсқасы;
  • Ұсынылатын әлеуметтік жоба туралы презентация (5-10 слайд);
  • ҮЕҰ мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  • ҮЕҰ-да салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі;
  • ҮЕҰ деректер базасына ұйым туралы мәліметтердің бар болуы және уақтылы берілуі туралы ақпарат.

Өтінімдер 2020 жылдың 23 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Өтінім нысандарын біздің ресми сайттан мына сілтеме бойынша жүктей аласыз: https://cisc.kz/ru/materials/1530

Осы ретте, өтінімдерді жинау жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруға кепілдік бермейтіндігін атап өтеміз. Тізілімге енгізілген жобалар тек әлеуетті донорларға қаржыландыруды тарту үшін берілетін болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 22 12 44, 8 (7172) 22 12 24, 8 707 478 34 50 нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.