Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қазақстандық ғалым, эколог Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қазақстандық ғалым, эколог Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады

Мұсағали Сәрсенбайұлы – қазақстандық саяси қайраткер, техника ғылымдарының докторы, профессор, «МЭА «Евразия» академигі, эколог. Сонымен қатар ол «Жасыл жер шары үшін» Экологиялық қозғалысы» РҚБ» төрағасы, «Халықаралық Экология академиясы» бірлестігінің президенті, «Менің Қазақстаным» республикалық экологиялық партиясының төрағасы, «Халықаралық экологиялық таза өнімді шығарушылар ассоциясы» ЗТҰ құрылтайшысы, «Экологиялық таза өнім» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің президенті, «Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенті болып қызмет еткен.

Мұсағали Сәрсенбайұлы – мемлекетімізді дамыту ісіне мол үлес қосып, артында өшпес із, ұлағатты ұрпақ, ғылыми мұра қалдырды.