Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Басқарма Төрағасы Б.Мукина қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Құрметті еліміздің медицина қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Адам және адамзат өмірінде медицинаның маңызын қанша асыра бағаласақ та артық емес. Сіздердің риясыз еңбектеріңіз, жоғары кәсібилігіңіз, адамдарға жанашырлық жасау қабілеттеріңіз бүкіл халықтың шынайы махаббатына ие. Қазіргі уақыттың аса күрделілігіне қарамастан, сіздер өз кәсіби парызыңызды – адамдардың денсаулығын сақтап, өмірін ұзартуға септігін тигізіп келесіздер. Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.

Ақ халатты абзал жандар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін!