Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Бүгін халықаралық «Әке күні»!

21 маусымда әлемнің көп елдері «Әке күнін» атап өтеді. Өткен ғасырдың басында АҚШ-та Сонора Смарт есімді қарапайым келіншек әйелінен ерте айырылып, алты баласын өзі өсіріп, тәрбиелеп шыққан әкесі Уильям Смартқа құрметін білдіру үшін кішігірім мереке ұйымдастырды. Кейін оның бұл ойы ұлттық мерекеге ұласты, әдемі дәстүр басқа мемлекеттерге де тарады. Бұл күннің Қазақстанда да аталып өтілуіне әкелік институтты дамытуды жөн көретін қоғам белсенділері құптап, бастама көтерді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Қазақстанда «Әкелік институтты дамыту бойынша шаралар кешенін өткізу» жобасын«EN BAQYTTY EL» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.

Аталған халықаралық «Әке күніне» орай, Zoom платформасында онлайн кездесу болып, қатысушылар халықаралық «Әке күнін» атап өту және отбасы мен қоғамдағы ерлердің рөлі туралы ойларымен бөлісті.

«En BAQYTTY EL» Қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам өкілдері, белгілі жаттықтырушылар, блогерлер мен инфлюенсерлер қатысты. Жоба тренерлері әке болу туралы маңызды сұрақтарға жауап беріп, спикерлер әке болу, қиындықтарды қалай жеңу және өз балаларының өміріне қатысу жолдары туралы ойларымен бөлісті.

Әкелік институтты дамыту идеясын жүзеге асыру мақсатында республика аймақтарында «Ерлердің отбасы мен қоғамдағы рөлі», «Ата-ананың эмоционалды интеллекті», «Бақытты бала тәрбиелеудің сыры» сияқты тақырыптарда лекциялар мен треннингтер өткізілмек. Әке образын күшейту үшін түрлі челендждер, байқаулар, дөңгелек үстел басындағы кездесулер ұйымдастырылып, күзде әкелердің республикалық форумы өтеді. Сондай-ақ әкелерге арналған әдістемелік құралды шығару да бар.