Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Әлеуметтік жобалар қоғамдағы маңызды әлеуметтік өзгерістерге бағытталған» -Б. Мукина

2020 жылдың 12 маусымында Павлодар облысына іс-сапары кезінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Б. Мукина гранттық қаржыландыру шеңберінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатқан облыстағы Грант алушылармен кездесу өткізді.

Кездесуге Павлодар облысының үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында Б. Мукина әлеуметтік жобалардың халықтың әл-ауқатын жақсартудағы және олардың әлеуметтік мәселелерін шешудегі маңыздылығын атап өтті.

«Азаматтық қоғамды дамытудың бір жолы ретінде әлеуметтік жобалар әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған» – деді Б. Мукина.

Аталған кездесуде өңірдегі әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, Грант алушылар жобаларды одан әрі іске асыру бойынша жоспарларымен бөлісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Б.Мукина Грант алушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, 2020 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыру шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Павлодар облысында 5 жоба іске асырылуда, атап айтқанда: «Павлодар облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету бойынша «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын іске асыру», «Ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру», «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту», «Жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқаты: азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы» және «Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу».