Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Б. Мукина «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің командасымен кездесті

2020 жылдың 3 маусымында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Б. Мукинаның Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің қызметкерлерімен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасы Б. Мукина Волонтер жылы аясында 7 жалпыұлттық жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Аталған кездесуде ұлттық жобаларды жүзеге асыру бойынша ағымдағы мәселелер де талқыланды.

Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисінің жетекшісі Т. Миронюк Фронт-офистің жұмысы, мақсаты туралы айтты.

Еске сала кетейік, ЭКСПО-орталық базасында ашылған «Birgemiz» республикалық волонтерлер Фронт-офисі – отандық волонтерлер қозғалысының сапалы өсуін қамтамасыз етуге қабілетті маңызды бастамалардың бірі. Жаңа алаңда волонтерлік жобаларды үйлестіру және қоғамдық мониторинг жүргізу, волонтерлер қозғалысын насихаттау жүзеге асырылады.