Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті

2020 жылдың 30 мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Министр белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды екенін атап өтті.

Шара барысында әлеуметтік жобаларды іске асыруда сапасын арттыруға басты назар аударылды.

Іс-шарада ҮЕҰ өкілдерін әлеуметтік жобаларды іске асыруға тарту бойынша өзара іс-қимыл тетіктері, сонымен қатар, халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша түсіндіру жұмыстары қозғалды.

Кездесуде «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк,«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Сәдуақасова, Ақниет «ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Әлім Шауметов, «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Айгүл Дүйсенова, «Қазақстан Республикасының Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шәріпбай Өтегенов сөз сөйледі.

Талқылауға барлығы 15 ҮЕҰ өкілдері қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша Министр үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.