Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін азаматтық қоғам өкілдерін шақырамыз

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде жобаларды іске асыруға қоғамдық мониторинг жүргізу үшін азаматтық қоғам өкілдерін шақырады.

Мемлекеттік гранттарды іске асырудың қоғамдық мониторингі барлық мүдделі тараптардың әлеуетін тарта отырып, іске асырылатын жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілуде.

Қоғамдық мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудың түрлі салалары бойынша сарапшылар, ҮЕҰ өкілдері, зерттеушілер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Егер сіз іске асырылып жатқан жобалармен танысып және гранттық жобаларға қоғамдық мониторинг жүргізуге қатысқыңыз келсе, онда келесі құжаттарды Орталықтың мекен-жайына жіберу қажет:

  • Орталыққа мониторинг жүргізгіңіз келетін бағыт немесе жобалар көрсетілген мүдделілік хаты.
  • Аты-жөні, байланыс ақпараты, қызметі мен жұмыс орны, қызмет саласы, тәжірибесі мен біліктілігі көрсетілген түйіндеме.

Көрсетілген құжаттарды 2020 жылғы 30 сәуірге дейін info@cisc.kz поштасына жіберу қажет.