Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Басқарма төрағасы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің өкілдерімен кездесті

2020 жылдың 5 ақпанында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Б. Мукина мен Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі басшысының орынбасары Диана Диголдың кездесуі өтті.

Сондай-ақ, кездесуге саяси мәселелер бойынша кеңесші Колин Маккалоу, Экология және экономика бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе, адам құқықтары жөніндегі маман Әділет Мукушев қатысты.

Тараптар Волонтер жылы шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келді. ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің өкілдері Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қоғамды дамыту концепциясының жобасын талқылауға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған құжаттың жобасын дайындауға ЕҚЫҰ сарапшыларының ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығымен кездесу ұйымдастыру жөнінде келісілді.