Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Азаматтық қоғамды қолдау бойынша бағдарлама шеңберінде ынтымақтастық орнатылды

Орталық Азияда азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасын талқылау бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде кездесу өтті.

Бағдарлама USAID-тің қаржылай қолдауы арқасында Еуразия Қорымен жүзеге асырылып жатыр және 4 компоненттен тұрады:

  • жас лидерлердің шоғырын құру және оларды азаматтық бастамаларға тарту;
  • ашықтық пен есепберушілікті арттыруда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
  • туындап жатқан мүмкіндіктерге азаматтық қоғамның әрекетінің тиімділігін арттыру;
  • үкіметтік емес ұйымдардың институционалды дамыту.

Кездесуге ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин, ҚР Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ә.Ғалымова, «Азматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Б.Мукина, Еуразия Қорының Бағдарлама директоры Роберт О’Донован, Орталық Азия Еуразия Қорының директоры Р.Темірбеков, USAID өкілдері А.Емелин мен А.Дайирбекова қатысты.

Сұхбат барысында азаматтық қоғамды дамытуда қабылданып жатқан іс-шараларды үйлестіру және жастарды қолдау мақсатында аталған Бағдарламаның жүзеге асырылуына Министрлік АБҚО-мен бірге эксперттік және әдістемелік сүйемелдеу көрсетуге дайын екендігі атап өтілді.