Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Меморандумға қол қойды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту және алдын алу мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Аталған Меморандумның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталған ортақ және келісілген іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан іс-қимылдардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою болып табылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелерін қарастыру бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу, жобалардың жүзеге асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізуге, грант беру жөніндегі конкурстық құжаттарға мониторинг жүргізуге және Грант алушыларды іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысына Агенттік өкілінің қатысуы жөнінде келісілді.