Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың көпшлік алдындағы таныстырылымының бейне шолуы

2019 жылғы 20 желтоқсанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың көпшілік алдында таныстырылымы өтіп, 2019 жылғы қызметінің қорытындылары жасалды.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, грант алушылар мен жобалардың бенефициарлары қатысты.

Б.Мукина гранттық конкурста өтінімдерді іріктеуге белсенді қатысқандары үшін Конкурстық комиссияның мүшелеріне алғыс білдірді.

Осы жылы жалпы 3,4 млрд. теңге сомасына 102 ҮЕҰ 128 жоба жүзеге асырылды.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-тың грант алушылармен ынтымақтастығының нәтижелері бойынша жобалардың бенефициарлары жобалар шеңберінде жүзеге асырылғаніс-шаралардан алған тәжірибесі және тиісінше өмірлерінде орын алған оң өзгерістер жайлы айтып берді. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар шығармашыл жастардан тұратын бірінші қазақстандық ерекше актерлер театрының қалай құрылғаны, деструктивті діни ағым идеологиясынан оңалтудан өткеннен кейін өмірінің қалай өзгергендігі, отбасылық соттар жанындағы «Бақытты отбасы» жанұяларды қолдау бойынша ресурстық орталықтары ажырасу алдында тұрған ерлі-зайыптыларға психологиялық көмек көрсеткені туралы т.с.с.

2019 жылғы сәуірде ҮЕҰ-ға семинар өткізудегі Ұлыбритания Елшілігінің үлесі, а.ж. тамызда «ASAR» республикалық үшжақты ынтымақтастық форумын өткізуге ERG Kazakhstan және Coca-Cola Алматы Ботлерс компанияларының көмегі айрықша атап өтілді.