Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«ҚХА Жастар Синергиясы» Республикалық форумы

Жастар жылының жабылуы аясында Astana IT университетінде « ҚХА Жастар Синергиясы» Республикалық форумы өтеді. Форум аясында 60-тан астам финалисттер өз жұмыстарымен қоғам алдында бөліспек. Іс-шара ҚР Парламент Сенат Төрағасы, Қазақстан жастарының конгресінің кеңесінің төрағасы Назарбаева Д.Н., Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Түймебаев Ж.Қ., ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Абаев Д.А. қатысуымен өтеді.

4 ай ішінде www.jastarsinergiiasy.kz білім беру платформасында 2000-ға жуық адам дәрістер алды. Онлайн оқытудан соң қатысушылар 350-ден астам ІТ-жобалар ұсынды.

Республикалық форум аясында үздік ІТ жобалар көрмесі өткізіледi. Форумның басты оқиғасы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.

Форумды Қазақстан жастарының Конгресі Қазақстан Халқы Ассамблеясы және ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі қолдауымен КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырып жатыр. ⠀

Тіркелу үшін сілтеме: http://bit.ly/2Ls1wcR. ⠀