Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

11-12 желтоқсанда республикалық еріктілер форумы өтеді

2019 жылы 11-12 желтоқсанда Нұр-Cұлтан қаласында «Волонтер жылы – 2020», сондай-ақ Халықаралық волонтерлер күніне орай республикалық Волонтерлер форумы өтеді.

Форум «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-дан және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізеді.

Форумға Қазақстанның барлық өңірлерінен 200 квотаны, сондай-ақ 60 халықаралық квотаны қоса алғанда, 1000-ға жуық қатысушы болады. Аталған форумға ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай», «Beeline Қазақстан» сияқты ұйымдар, БҰҰ-ның «БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы», «БҰҰ-Әйелдер Құрылымы», «ЮНИСЕФ» және т.б. мамандандырылған мекемелері қатысады деп күтілуде. Сондай – ақ, форумда «Қазақстанның үздік волонтері – 2019» байқауында 10 номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болғандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Тіркелү үшін сілтеме: https://forms.gle/SgY6exCZDSsn4n1b9

ӨТКІЗУ КҮНІ: 11-12 желтоқсан 2019

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: сағ. 9:00 бастап

ӨТЕТІН ОРНЫ: Нұр-Сұлтан қ., «ЭКСПО-2017» комплексінің «С2.4» павильоны