Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы Қазақстанда басталды

25 қараша мен 10 желтоқсанның аралығында Қазақстанда және барлық әлемде «зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтуде. Осы жылғы акция «Әлемді қызғылт сары етейік: теңдік буыны зорлауға қарсы» ұраны астында сексуалды зорлық тақырыбына арналған.

Акцияның негізгі мақсаты қалың бұқара халықты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен, әйелдердің өз құқықтарымен таныстыру, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалатынқұқық бұзушылықты, соның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға әуес және профилактикалық есепте тұрғандарды толық қамту арқылы алдын алу болып табылады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ аталған акцияға қатысуда.

«Қорғау-Астана» ЖҚ гранттық қаржыландырудың шеңберінде «Білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде, еңбек коллективтерінде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру және білім беру жұмыстарын өткізу» жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба шеңберінде ақпараттық материалдарды тарату арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс ұйымдастырылған. Сонымен бірге, «Қорғау-Астана» кеңсесінде 1409 республикалық сенім телефоны жұмыс істеп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғандарға психологтың, заңгердің, әлеуметтік жұмыскердің қызметтері көрсетілуде.

Жанұялық жанжал бойынша 98 кеңес, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша 64 кеңес, оның ішінде 33 балаға кеңес берілді.