Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Әлеуметтік жобаны іске асыру кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдаланылатын қаражатқа корпоративтік табыс салығы салу бойынша грант алушылар үшін ақпарат

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ әлеуметтік жобаны іске асыру кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдаланылатын қаражаттың корпоративтік табыс салығын салуға қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесі негізінде келесіні хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 225-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірісі осы тұлғаның салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі көздерден алуына жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

Салық кодексінің 226-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық кіріске салық төлеуші кірістерінің барлық түрлері, сол есепте осы тармақтың 1) – 24) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да кірістер қосылған құн салығы мен акциз сомасы қосылмастан, қосылады.

Салық кодексінің 264-бабының 21) тармақшасында көзделген коммерциялық емес ұйымдардың Салық кодексінің 289-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстары шегерімге жатпайды.

Салық кодексінің 289-бабы 1-тармағында көрсетілген акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерiнің кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:

1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;

2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым Салық кодексінің мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым болып танылады.

Салық кодексінің 289-бабының 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның мына кірістері жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады:

– мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс;

– депозиттер бойынша сыйақы;

– кiру жарналары және мүшелiк жарналар;

– кондоминиумға қатысушылардың жарналары;

– депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;

– өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы тармақта көзделген жылдық жиынтық кірістен алып тастау жүргізілмейді.

Осылайша, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында гранттар коммерциялық емес ұйымның жылдық жылдық жиынтық кірісіне қосылады, және өз кезегінде Салық кодексінің 289-бабымен қарастырылған басқа да талаптарды сақтаған жағдайда ондай Қоғамның жылдық жиынтық кірісінен алып тасталуға жатады, сәйкесінше, корпоративтік табыс салығын салуға жатпайды. Сол ретте, коммерциялық емес ұйымдардың гранттар есебінен жүргізілген шығыстары шегерімге жатпайды.