Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Батыс Қазақстан облысы ҮЕҰ-на шағын грант байқауы

«Жайық таңы» ҚБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттары аясындағы «Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға/бастамашыл азаматтарға (бұдан әрі ҮЕҰ/БА) арналған шағын гранттар байқауының өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Шағын гранттар байқауының мақсаттары:
ауыл мәселелерін зерттеу бойынша азаматтардың дағдыларын арттыру, ауылдық ҮЕҰ/БА-ның ұйымдастырушылық әлеуетін арттыру, ауыл тұрғындарын аймақтың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге араластыру.
жобалық басқару бойынша ауылдық ҮЕҰ/БА-ны оқыту арқылы және оларға шағын гранттар ұсыну арқылы ауылдық ҮЕҰ/БА тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Гранттық бағдарлама қоғамдық міндеттерді іске асыруға бағытталған, күтілетін нақты нәтижелері бар құрылымдық, инновациялық тәсілдемелер мен құралдарды ынталандырады.

Назар аударыңыз!
Басымдылық нақты нәтижелерге қол жеткізуді ашып-көрсететін жобаларға беріледі.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні: 13 қазан 2019 ж.
Сұрақтар ұсынудың ең соңғы күні: 10 қазан 2019 ж.
Грантты іске асыру мерзімі: 21 қазан – 18 қараша 2019 ж.

Өтінімдер талап етілген қосымшалармен бірге мемлекеттік немесе орыс тілдерінде oo_zhaiyktany@mail.ru электрондық поштасы арқылы «БҚО шағын гранттар байқауы» белгісімен қабылданады. Өтінімдер 2019 жылдың 13 қазан сағат 24:00-ге (жергілікті уақыт бойынша) дейін қабылданады.

Байқауға қатысты мәселелер бойынша oo_zhaiyktany@mail.ru электрондық поштасына немесе 87016265445, 87778725297 телефондарына хабарласу керек.
Сұрақтар ұсынудың ең соңғы мерзімі – 2019 жылдың 10 қазан сағат 18:00-ге (жергілікті уақыт бойынша) дейін.

Байқау бойынша толық ақпарат алу үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз https://drive.google.com/…/1dhMwN5r6mZNgvJt0QSDCxERar…/view…